"Құрбым деп жүрген адам "осы видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер" деген": Гей клубта болған екі мұғалім барлық шындықты айтып, көздеріне жас алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрбым деп жүрген адам "осы видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер" деген": Гей клубта болған екі мұғалім барлық шындықты айтып, көздеріне жас алды

"Құрбым деп жүрген адам "осы видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер" деген": Гей клубта болған екі мұғалім барлық шындықты айтып, көздеріне жас алды

Гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғалім негізі істің қалай болғанын "КТК" арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді.

  • 20 Ақпан
  • 2390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бұл видео үшін ұяламын. Мұғалім ретінде бұл этикаға жатпайды. Бірақ, бұл видео арнайылап таратылды. Таратқан адам өзіммен бірге жұмыс істейтін менің құрбым болып жүрген адам "осы видеоны таратыңдар, қаралымды көбейтіңдер" деген", — деп көзіне жас алды.

Клубқа қалай тап болғанын Ақерке Жұмабаева айтып берді.

"Бұны көріп отырған ата-ана кімнің жасағанын білмеймін. Біз тіпті Амилай дегенге тіркелмегенбіз. Біз оның сторисін көрмейміз. Әуежайда отырған кезде директор орынбасары түске жақын сілтемесін жіберді. Біз сол кезде ғана көрдік. Директорге видео таңертең түскен екен. Клубқа кірдік, Амилай деген кісі бізге қарай келіп қазақ екенімізді көріп, "3 ай болды осында жүргеніме" деп тамақ алып берді. Бас тарту ыңғайсыз болар деп ойладық", — деді.