Алматы қалалық полициясы "Отан" партиясының кеңсесі жанындағы жарылыстарға қатысы бар күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық полициясы "Отан" партиясының кеңсесі жанындағы жарылыстарға қатысы бар күдіктіні ұстады

Алматы қалалық полициясы "Отан" партиясының кеңсесі жанындағы жарылыстарға қатысы бар күдіктіні ұстады

Бүгін, 3-желтоқсанда түнде Алматы қалалық ІІББ 28-қарашада "Отан" партиясы кеңсесінің жанында болған жарылыстарға қатысы бар күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ бастығының бірінші орынбасары Виктор Бугаев хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 376
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, күдікті ретінде 40 жастағы Алматылық жұмыссыз азамат ұсталған. «Отан» партиясының кеңсесінде жұмыс істейтін қызметкерлер оны өткен апта бойы ғимаратқа кіре берісте көздері шалған.

Жарылыстардан екі күн бұрын қолына полиэтилен дорба ұстаған күдікті ғимаратқа кіруге талпыныс жасаған. «Отан » партиясының күзет қызметкерінің дорбадағы дүниені көрсету туралы өтінішіне қарсылық білдірген әлгі ғимараттан шығып кеткен көрінеді.

Перейти к новостям спорта