Қаржы полициясы мен Ұлттық банк арам ақшаны ақтап алумен күреске қатысты заң жобасын жасауда - агенттік төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы мен Ұлттық банк арам ақшаны ақтап алумен күреске қатысты заң жобасын жасауда - агенттік төрағасы

Қаржы полициясы мен Ұлттық банк арам ақшаны ақтап алумен күреске қатысты заң жобасын жасауда - агенттік төрағасы

ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттігі (қаржы полициясы) мен ҚР Ұлттық банкі арам ақшаны ақтап алумен күреске қатысты заң жобасын жасауда. Бұл туралы аталмыш агенттік төрағасы Сарыбай Қалмырзаев ҚР қаржы полициясы офицерлері мен Италия қаржы гвардиясы мамандары арасында тәжірибе алмасуға арналған семинарда сөйлеген сөзінде хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 472
Фото - Caravan.kz

С.Қалмырзаевтың айтуынша, Қазақстандағы экономикалық негізгі қылмыс түрлеріне кәсіпорындардың экспорттан түскен валютаны елге әкелмеуі, трансферттік баға белгілеу әдістерін қолдану мен көлеңкелі пайданы легализациялау жатады. Соның салдарынан Қазақстанның мемлекеттік бюджеті тек Қосалқы құн салығынан жалтарудан жылына 40 млрд. теңгенің шығынына ұшырап отыр. Кәсіпорындардың экспорттан түскен валютаны елге әкелмеуі салдарынан есепшотқа түспей қалған қаржысының көлемі 2004-жылдың 1-желтоқсанындағы жағдаймен 5 млрд. теңгеден асады. Қазақстан экономикасынан жасырын жолмен сыртқа шығарып әкетілген қаржысы көбінесе Бермуд аралдары, Швейцария, Британиялық Виргиния аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері сынды мемлекеттер мен оффшорлық аумақтардан шығып жатады.

Мұндай қылмыс түрлерін тексеру үшін басқа елдердің арнаулы қызметтерімен етене жақын ынтымақтастық орнату қажет. Алайда, Қазақстан қылмыстық әрекеттен тапқан пайданы ақтап алу туралы Страсбург конвенциясын бекітпеуіне және қаржылық қылмыстармен күрес жөніндегі халықарық топқа (ҒАТҒ) мүшелікке өтпеуге байланысты ондай ықпалдастық әзірге қиынға түсіп отыр. Соның кесірінен Агенттік тарапынан алыс шетелдердің арнаулы қызметтеріне жолдаған 304 сауалдың 148-іне ғана жауап алынды. Бұл жайт қаржы полициясының жекелеген істерге қатысты іс-қызметіне кедергі келтіруде.
Арам ақшаны ақтап алумен күреске қатысты заң жобасы мен Страсбург конвенциясына бірігу жөніндегі заң жобасы 2005-жылдың екінші жартысында мәжіліске енгізіледі. Ол парламент тарапынан қолдау тапқан жағдайда ҚР бас прокуратурасының жанынан арам ақшаны ақтап алуға қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган құрылады.
Сондай-ақ, С.Қалмырзаев қаржы және экономика саласындағы қылмыстар санының арта түскенін атап өтті. 2000-2004-жылдар аралығында қаржы полициясы қылмыстық топ құруға қатысты 42 деректің бетін ашты.
С.Қалмырзаевтың хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда қылмыстық әрекеттен тапқан пайданы ақтап алуға қатысты қылмыстарды тексеру жөніндегі мекемеаралық арнаулы топ жұмыс істейді. Бұл топ қазірдің өзінде кәсіпорындардың іс-қызметін реттеу жөніндегі заңнамалардан бірқатар ақтаңдақтарды тауып отыр. Заңдағы осындай иірімдерді жою жөніндегі олардың ұсыныстары соңыра ортаға салынады, деді ол.

Перейти к новостям спорта