Павлодарда әріптесінің өзін-өзі өлтіруіне қатысы бар күдікті деп танылған әскер қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда  әріптесінің өзін-өзі өлтіруіне қатысы бар күдікті деп танылған әскер қамауға алынды

Павлодарда әріптесінің өзін-өзі өлтіруіне қатысы бар күдікті деп танылған әскер қамауға алынды

Павлодарда орналасқан 5512 әскери бөлімшеде мерзімді әскери борышын өтеуші бір әскер жарғылық қарым-қатынас ережелерін бұзу салдарынан әріптесін өлімге итермеледі деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне әскери бөлімшедегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21 жастағы Мадияр Арғынбеков бес қабатты үйдің шатырынан секіріп жанын қиған болатын. Жауынгердің денесі 30-қарашада Павлодарда табылған. Өлерінің алдында жазып қалдырған хатта ол өзінен ересек әріптестері тарапынан қорлық көргенін жеткізген. Ақпарат көзінің хабарлауынша, қаза тапқан жігіт өз хатында әлімжеттік жасаған бір адамның аты-жөнін жазып қалдырыпты.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің өзара бағынышты емес әскерилер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу жөніндегі 370-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әскердің өз жанын өзі қию дерегін тексеру үшін арнаулы комиссия құрылды.
Әскери бөлімшедегі ақпарат көзінің хабарлауынша, әлімжеттік жасаған күдікті қазір гауптвахтада отыр.

Перейти к новостям спорта