Үкімет басшысы шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған кейбір министрліктерді төрешілдігі үшін сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған кейбір министрліктерді төрешілдігі үшін сынады

Үкімет басшысы шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған кейбір министрліктерді төрешілдігі үшін сынады

Бүгін, 3-желтоқсанда премьер-министр Даниал Ахметов үкіметте өткен кеңесте Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне жеткілікті көңіл аудармай отырған бірқатар министрлік пен ведомство жұмысын сын тезіне алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 778
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы еліміздің экономикасының жағымды қадамдарына қарамастан, шағын кәсіпкерлік саласында көптеген проблема өз шешімін таппай отырғанын атап өтті. Ол кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді ықшамдау және оңтайландыру, тәртіпке келтіру жөніндегі жұмыстар әлі күнге дейін аяқталмағанына тоқталды.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде әрбір ведомствоның үлесінде шағын бизнес саласына бақылау-қадағалау функциясы бар, сөз жоқ, олар өздеріне жүктелген міндетті атқаруы тиіс. Сонымен бірге, мұндай ведомство аз емес және олар көбінше өз жұмыстарын үйлестіре алмай келеді, олардың бір мезгілдегі және параллельді жұмысы шағын кәсіпорынды дамыту жолына едәуір кедергі келтіріп отыр, деп атап өтті Даниал Ахметов.
Кеңесте, сондай-ақ, бақылаушы-қадағалаушы органдардың жұмысы көбінесе тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бағытталмай, керісінше тәртіп бұзушылық фактісін айқындауға және айыппұл салуға бағытталғаны атап өтілді. Бұдан басқа, үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдардың әкімшілік салығы саласындағы жұмысының әлсіздігіне тоқталды. Атап айтқанда, Даниал Ахметов еліміздің салық жүйесі кәсіпкерлердің түсінігі үшін күрделі және көлемді болып келетін есептерге молдығымен ерекшеленетінін айтты. Осыған байланысты салық төлеушілер сан алуан айыппұлдар төлеуге мәжбүр болуда.
Үкімет басшысы қазіргі кезде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруда шағын кәсіпкерлік салсы тарапынан басташылдықтың кемшіндігіне тоқталды. Даниал Ахметов шағын бизнес саласы қазіргі заманғы технологияның қымбаттығына байланысты оған қолын жеткізе алмай отырғанын ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлердің қаржылық даму институттарының көмегіне жүгінуге бағытталған ұмтылысына салалық министрліктердің назар аудармай отырғанын жеткізді.
Кеңесті аяқтай келе, премьер-министр келесі жылы үкімет өз жұмысын осы салада жүйелі шешімдерді әзірлеуге бағыттайтынын айтып өтті. Оның айтуынша, үкімет келесі жылдың бірінші жартыжылдығында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты құжаттарды қабылдауды көздеп отыр.
Үкімет басшысы экономикалық және құқықтық мәселелермен шұғылданатын, сондай-ақ төрешілдікті болдырмау және әкімшілік кедергіні төмендету жөнінде нақты ұсыныстар әзірлейтін, шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамытумен айналысатын тұрақтыжұмыс тобының құрамын бекітті. Бұл топтың құрамына министрлік пен ведомство басшылары, үкімет басшысының кеңесшілері, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері енді.

Перейти к новостям спорта