Елімізде тұңғыш рет әлеуметтік әріптестік форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұңғыш рет әлеуметтік әріптестік форумы өтеді

Елімізде тұңғыш рет әлеуметтік әріптестік форумы өтеді

Бүгін, 6-желтоқсанда Астанада тұңғыш рет әлеуметтік әріптестік форумы өтеді. Ол ҚР президентінің "Әлеуметтік -экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы" қаулыға қол қоюына 10 жыл толуына арналады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 881
Фото - Caravan.kz

Форумға ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, Халықаралық еңбек ұйымы директорының орынбасары- ұйымның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық департаментінің директоры Фридрих Буттлер, республикалық, салалық және аймақтық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ, парламент депутаттары мен үкімет мүшелері қатысады.

Бас қосуға қонақ ретінде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Германия және АҚШ елшіліктерінің өкілдері шақырылған.
Форумда үкімет басшысы Д.Ахметов сөз сөйлеп, республикадағы әлеуметтік әріптестік ахуалы туралы вице-премьер Бірғаным Әйтімова баяндама жасайды.

Перейти к новостям спорта