Семсерлесуден Азия чемпионатында отандық спортшылар екі медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семсерлесуден Азия чемпионатында отандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Семсерлесуден Азия чемпионатында отандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Манамада өткен семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлде иеленді.
 

  • 21 Ақпан 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Кадеттер арасындағы бәсекеде Кирилл Проходов шпагамен семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол гонконгтық қарсыласына 11:15 есебімен жол берді.

Ал соңғы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірім қыздар командасы күміс медаль жеңіп алды. Әмина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская төрттігі шпагамен семсерлесуден финалда ғана сүрінді.

Олар Оңтүстік Корея командасына финалда жол берген. Ал турнир барысында жарыстың бірінші нөмірі саналатын Қытай командасынан басым түскен.