Үкімет басшысы Шахтинск жарылысына қатысты тексеру комиссиясын құру туралы пәрмен берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Шахтинск жарылысына қатысты тексеру комиссиясын құру туралы пәрмен берді

Үкімет басшысы Шахтинск жарылысына қатысты тексеру комиссиясын құру туралы пәрмен берді

Көп адамның құрбан болуына апарып соққан "Шахтинская" шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты үкімет басшысы Даниал Ахметов жарылыс себептерін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 644
Фото - Caravan.kz

Комиссия жетекшісі болып ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник тағайындалды. Комиссия құрамына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ІІМ, Қарағанды облыстық әкімшілігі, кәсіподақ ұйымдары мен салалық ғылыми мекемелердің өкілдері қамтылды.

Апат орнына аттанған комиссия мүшелеріне үкімет басшысы шұғыл жұмысқа кірісіп, апат себептерін жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету, шығын көлемін анықтау, зардап шеккендерге бірінші кезекті көмек беруге шаралар қолдану туралы тапсырма берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда 3 сағат 15 минутта Қарағанды облысындағы «Шахтинская» шахтасында метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды.

Перейти к новостям спорта