Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші соңғы кездері әлеуметтік желіден не себепті көрінбей кеткенінің себептерін түсіндірді. Үй-жағдайын күтушілердің көмегімен жайғастырып жүрген эстрада жұлдызы, оқырмандардың да бірқатар сауалына жауап берді.
"Комфорт жасап қойған күйеуіме рахмет. Бірақ, қымбатты күйеуім, алдағы уақытта тойға, туған күнге, мерекелік іс-шараларға бармаймын қыздармен, ерініп тұрмын десем де, мобилографымды қасыма ертіп, бар, деп үйден шығарып жіберші өтініш. Шопингтатып алған қырғын киімді киіп, суретке түсіп, жүруім керек қой" деп жазды ол.