ІІМ жүйесінде жоғары және орта буындағы 435 қызметкер аттестациялаудан өтті - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ жүйесінде жоғары және орта буындағы 435 қызметкер аттестациялаудан өтті - ҚР ІІМ

ІІМ жүйесінде жоғары және орта буындағы 435 қызметкер аттестациялаудан өтті - ҚР ІІМ

Қазіргі жағдаймен, аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшыларын қоса есептегенде, ІІМ жүйесінде жоғары және орта буындағы 435 қызметкер аттестациялаудан өтті. Бұл туралы бүгін, 6-желтоқсанда "Ішкі істер органдарының іс-қызметін жетілдіру" тақырыбы бойынша мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 666
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрінің айтуынша, аттестациялау қорытындысы бойынша ішкі істер органдары бөлімшелерінің 79 басшысы ІІМ-нің резервіне қамтылып, 88 адам қайтадан аттестациялауға жіберілсе, 12 адамның лауазымы төмендетілді. Ал қалғандары қызметіне лайық деп танылды.

З.Тұрысбековтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен ІІМ жүйесінде осы саладағы 70 мың лауазымға қойылатын квалификациялық талаптар айқындалды. Министрлік аясындағы жаңа қызметке тағайындау қазір тек байқау негізінде ғана жүзеге асырылуда. Байқау комиссиясына министрлердің орынбасарлары, департамент директорлары мен ІІМ-нің ардагерлері енеді. Қазіргі жағдаймен жекелеген лауазымдарға 5 адамға дейін таласуда.
Министрдің айтуынша, ІІМ қызметкерлері лауазым баспалдақтарымен осылайша өсу тәртібін бұрынғы тікелей тағайындау үрдісінен жоғары бағалап отыр.

Перейти к новостям спорта