Шахтинск жарылысынан қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына материалдық өтемақы ретінде 6-7 млн. теңге беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинск жарылысынан қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына материалдық өтемақы ретінде 6-7 млн. теңге беріледі

Шахтинск жарылысынан қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына материалдық өтемақы ретінде 6-7 млн. теңге беріледі

Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына материалдық өтемақы ретінде 6-7 млн. теңге беріледі. Бұл туралы бүгін, 6-желтоқсанда үкіметтік комиссияның Шахтинск қаласында өткізілген отырысында "Испат-Кармет" АҚ-ның көмір департаментінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Вячеслав Сидоров хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 460
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қаза тапқан шахтерлардың отбасына берілетін материалдық өтемақы ұжымдық келісімнің шарттарына сәйкес бөлінеді. Ол әрбір шахтердың 10 жылдық жалақысына тең, деді В.Сидоров.

Алғашқы жерлеу рәсімі ертең, 7-желтоқсанда өтеді. Жерлеу рәсімдеріне қатысты барлық шығындарды «Испат-Кармет» АҚ өз мойнына алды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жарылыс себептерін тексеру комиссиясын ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басқарады. Отырысқа сондай-ақ Қарағандыға әдейі келген LNM халықаралық тобының жетекшісі Лакшми Миттал да қатысуда. Комиссия отырысында шахтадағы ахуал туралы көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презент баяндама жасады. Отырыстан кейін үкіметтік комиссия екі топқа бөлініп қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына бармақшы.
Қазіргі жағдаймен Шахтинск қалалық орталық ауруханасының реанимация бөлімінде 28 жастағы Анатолий Худолежаев пен 44 жастағы Александр Акмаев жатыр. Аурухана директоры Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, А.Худолежаевтың жағдайы ауыр, «дәрігерлер оның өмірі үшін әлі де алаңдаулы». Ал А.Акмаевтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тағы бір зардап шеккен Вячеслав Гущин бүгін ауруханадан шығарылды, ол сырттай емдеуден өтеді.

Перейти к новостям спорта