Үкіметтік комиссия "Шахтинская" шахтасындағы жарылыстың себептерін тексерудің алғашқы қорытындыларын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік комиссия  "Шахтинская" шахтасындағы  жарылыстың себептерін тексерудің алғашқы қорытындыларын жария етті

Үкіметтік комиссия "Шахтинская" шахтасындағы жарылыстың себептерін тексерудің алғашқы қорытындыларын жария етті

Алдын-ала мәлімет бойынша, Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасындағы жарылыс кенеттен метан шығу салдарынан болған. Бұл туралы бүгін, 6-желтоқсанда үкіметтік комиссияның Шахтинск қаласындағы отырысы аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында комиссия төрағасы - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Дербес датчиктер мен жазғыш құралдардың көрсеткішіне қарағанда, лава құрамындағы метан мөлшері шектеулі шамадан аспаған. Бұл — жарылыстың кенеттен метан шығу салдарынан болғанын айғақтайды»,- деді ол.

Комиссия төрағасы осынау төтенше жағдайдың себеп-салдарын тексеру үшін тәуелсіз сарапшыларды, соның ішінде Ресейлік мамандарды шақыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді. «Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін олар таяу уақыттарда келеді деп күтілуде»,- деді ол.
Ал осы оқиғаға байланысты «қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына көңіл айту үшін» Лондоннан әдейі келген LNM халықаралық тобының жетекшісі Лакшми Митталдың айтуынша, жарылыс салдарынан қаза тапқан шахтерлар отбасының бірде-бірі жәрдемнен құралақан қалмайды. «Жан-жақты көмек көрсетіледі. Қаза тапқан шахтерлардың артында 23 бала жетім қалды. Біз балалардың тағдырын өз бақылауымызға алып, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру тұрғысынан қол ұшын береміз. Барлық әлеуметтік мәселелерді компания өз мойнына алады»,- деді LNM тобының жетекшісі. Бүгін Л.Миттал асыраушыларынан айрылған әрбір отбасына бас сұғып шықпақшы.

Перейти к новостям спорта