Шымкентте қайырымдылық шарасы барысында мүгедектерге көмек ретінде 18 млн. теңге жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қайырымдылық шарасы барысында мүгедектерге көмек ретінде 18 млн. теңге жиналды

Шымкентте қайырымдылық шарасы барысында мүгедектерге көмек ретінде 18 млн. теңге жиналды

Шымкентте мүгедектерге көмек жинау мақсатында қайырымдылық шарасы өтіп, соның нәтижесінде 18 млн. 245 мың теңге жиналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының төрайымы Любовь Макашева хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшілік пен еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесе ұйымдастырған «Шын жүректен» атты шара бір айға созылды. Осы уақыт ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер мүгедек жандарға 16 млн. 235 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетті. Шара барысында нақты жомарттық белгісін «Южполиметалл» АҚ көрсетіп, бір мүгедекке Қытайдағы ауруханада операция жасатуға 3 млн. теңге бөлді.

4-желтоқсан, сенбіде жергілікті телестудияның ұйымдастыруымен «Шын жүректен» шарасының соңғы кезеңі өткізілді. Телемарафон барысында қолма-қол ақша түрінде 452 мың теңге түсіп, есепшотқа 1 млн. 73 мың теңге аударылып, күнделікті тұтыным тауары түрінде 120 мың теңге берілді.
Шымкентте 13 мың мүгедек бар, олардың 2 мыңы — балалар.

Перейти к новостям спорта