"Қатын құсап жылағаны несі": Сәбилі болатынын білген Абай Бегейдің ұлы көзіне жас алып, жылап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатын құсап жылағаны несі": Сәбилі болатынын білген Абай Бегейдің ұлы көзіне жас алып, жылап қалды

"Қатын құсап жылағаны несі": Сәбилі болатынын білген Абай Бегейдің ұлы көзіне жас алып, жылап қалды

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Абай Бегейдің ұлы Жалғас Бегей сәбилі болмақ.

  • 23 Ақпан
  • 387
Фото - Caravan.kz

Қуанышты жаңалықты естіген ол, көзіне жас алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Қуанышты жаңалықпен Бегей әулетінің келіні бөліскен. 

"Біз енді үшеу боламыз. Аллаға шүкір! Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына сансыз шүкір! Қуанышымызда шек жоқ. 
Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы… Біз сені күтеміз балапан" деп жазды ол. 

Қуанышты жаңалықты естіген Абай Бегейдің ұлы көз жасына ерік берген. Желі қолданушыларына Жалғас Бегейдің бұл әрекеті жақпай қалған. Олар: "Қазіргі еркектер неге жылауық жыным келеді. Қатын құсап",  20 жыл күткендей жылады ғой еркек басымен, не жылау? Еркек деген көрінген затқа жыламайды", "Не деген уят іс осылардыкі, байға тигесін ертелі кеш туады соны бір өнер көре ма" деп жазды олар.