Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілдігі 2005-жылға арналған 34 мың доллардың шағын гранттар бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілдігі 2005-жылға арналған 34 мың доллардың шағын гранттар бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады

Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілдігі 2005-жылға арналған 34 мың доллардың шағын гранттар бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады

Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілдігі жергілікті ұйымдар үшін 2005-жылға арналған 34 мың доллардың шағын гранттар бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әлемдік банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 444
Фото - Caravan.kz

Шағын гранттар бағдарламасы Әлемдік банктің дербес операцияларынан тысқары ашық талқылау арқылы халықаралық даму туралы диалогты дамыту және осы жөніндегі ақпараттарды таратуға түрткі болу үшін 1983-жылы жобалаған. Гранттар бағдарламаға қатысушы Әлемдік банктің тұрақты өкілдіктері арқылы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға таратылады. Қазақстанда бағдарламалардың төрт циклі табысты жүзеге асырылып, оның аясында 47 жоба 195 мың доллармен қаржыландырылды.

Даму мәселесімен шұғылданатын кез-келген ұйым грант алу туралы өтініш бере алады. Шағын гранттар бағдарламасы бойынша коммерциялық емес, үкіметтік емес және академиялық емес ұйымдарға басымдық береді. Дербес грант мөлшері 5 мың доллардан артуға тиіс емес. Әлемдік банктің Астана мен Алматыдағы өкілдіктерінде өтініш қабылдау мерзімі 2005-жылдың 11-ақпанында аяқталады.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, шағын гранттар бағдарламасы аясында қаржыландырылатын шаралар диалогты дамытуға, ақпарат пен білім таратуға, сондай-ақ, даму процессіне негізгі қатысушылар арасындағы әріптестікті күшейтуге бағытталуы тиіс. 2005-жылы шағын гранттар бағдарламасы республиканың ауылдық жерлерінде тұратын әлеуметтік жағынан аз қорғалған және оқшау ғұмыр кешетін тұрғындарының жергілікті әлеуметтік және экологиялық тақыметтерді шешуге азаматтық тұрғыдан қатысу аясын кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдайды.

Перейти к новостям спорта