Үкімет бағалы қағаздар рыногын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бағалы қағаздар рыногын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады

Үкімет бағалы қағаздар рыногын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады

Үкімет бағалы қағаздар рыногын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады. Бүгін, 7-желтоқсанда Астанада өткен үкімет отырысында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «бағдарламаның басты мақсаты — бағалы қағаздар рыногын қазіргі заман талабына сәйкестендіру болып табылады». Бағдарлама инвесторлар мен эмитенттерге қатысты саясатты айқындау, рынокты реттеу саясаты сынды бағыттарға басымдық береді.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, «мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы қуатты дамыған Қазақстан жағдайында акциялар рыногы ай тарлықтай дами алмай отыр. Бұл жердегі негізгі қиындық — акционерлік қоғамдар санының көптігіне қарамастан, еркін айналымда акциялардың мүлдем дерлік жоқтығы болмақ». Министрдің пайымдауынша, «кәсіпорындардың акциялары негізінен стратегиялық инвесторлардың бақылау қоржынында шоғырланған, ал олар болса өз кезегінде кәсіпорынды бақылау құқығынан айрылғысы және қаржылық ақпараттардың бетін ашқысы келмейді». «Бағдарлама жобасы рыноктағы белсенділікті күшейтуді және қазіргі проблемаларды кешенді шешуді көздейді»,- деді Қ.Келімбетов.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының іс-қызметіне, инвесторлардың құқығын қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық база қалыптастыру, компаниялар іс-қызметінің ашықтығын арттыруға шаралар қолдану қажет, деді министр.
Д.Ахметов аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын қысқа мерзімде жасап, оны барлық мүдделі жақтармен келісу туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта