2004-жылы Қазақстанда бюджет қаржысын игерудің ең төменгі деңгейі тіркелді - ҚР қаржы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанда бюджет қаржысын игерудің ең төменгі  деңгейі тіркелді - ҚР қаржы министрлігі

2004-жылы Қазақстанда бюджет қаржысын игерудің ең төменгі деңгейі тіркелді - ҚР қаржы министрлігі

2004-жылы Қазақстанда бюджет қаржысын игерудің ең төменгі деңгейі тіркелді. Бұл туралы бүгін, 7-желтоқсанда үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР қаржы министрі Арман Дунаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

А.Дуневтың айтуынша, «ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (11 айда 17 процент) мен Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі (11 айда 28,7 процент) бюджет қаржысын ең төменгі деңгейде игерді». «Жоғары көлемде бюджет қаржысын игере алмау — бюджеттік тәртіп деңгейінің төмендігін айғақтайды»,- деді министр.

Талдау қорытындысы көрсетіп бергеніндей, «биылғы жылы бюджет қаржысын игере алмауға негізгі үш себеп бар»,- дейді А.Дунаев. Біріншіден, министрдің пайымдауынша, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру схемасы мейлінше күрделілендірілген, екіншіден, бюджеттік бағдарламалардың операторлары қауырт қимылдай алмай, жауапсыздық танытуда. Бұған мысал ретінде А.Дунаев ҚР көші-қон және демография агенттігін атады. «Оралмандарға тұрғын үй сатып беру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру тетіктерін дер кезінде әрі дұрыс жасамаудың кесірінен агенттік 11 айда осы мақсатқа бөлінген 855 млн. теңгені игере алмады»,- деді ол. А.Дунаевтың айтуынша, «жарты жыл бойы агенттіктегілер оралмандардан нотариуспен бекітілген тұрғын үйді сатып алу және сату жөніндегі келісім-шартын әкелу нормасын орындауды талап еткен. Оралмандардың азаматтығы жоқтықтан, оны жүзеге асыру мүмкін емес. Ал нотариуспен бекітілген тұрғын үйді сатып алу және сату жөніндегі келісім-шарты тек Қазақстан азаматтарына ғана берілетіні белгілі»,- деді ол. «Соның салдарынан осынау айрықша әлеуметтік маңызы бар міндетті шешуге арналған 855 млн. теңге қаржы игерілмей қалды»,- деді А.Дунаев.
«ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де қаржыны ұдайы толық игермейді»,- деді министр. А.Дуневтың айтуынша, министрлік бұл жағдайды «зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған қаржыға деген нақты сұраныстың жоспардағымен салыстырғанда азаюымен» түсіндіреді. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2004-жылдың 11 айында 5,8 млрд. теңгені игере алмайтынын хабарлаған. «Еңбек министрлігі бұл қржыны игеруге барлық шараны қолданбақшы, бірақ, олардың есептеуінше, жыл соңына дейін бәрібір 4 млрд. теңге игерусіз қалғалы отыр»,- деді А.Дунаев.
Қаржы министрінің айтуынша, «үкіметтің резервіндегі қаржыны жұмсау мәселесі біраз алаңдаушылық тудыруда». Оның мәліметі бойынша, 2004-жылдың 1-желтоқсанындағы жағдаймен үкімет резервінен президенттің іс басқармасына, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне, білім және ғылым министрлігіне, көлік және коммуникация министрлігіне, әділет және ауылшаруашылығы министрліктеріне берілген қаржы пайдаданылмай қалды.
Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы Даниал Ахметов тиісті мемлекеттік мекемелерге аталмыш кемшіліктерді жоюға кешенді шаралар қолдануды тапсырды.

Перейти к новостям спорта