Британияда компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британияда компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына көшті

Британияда компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына көшті

Ұлыбританияда бірнеше компания 4 күндік жұмыс аптасына көшті.

  • 26 Ақпан
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қызметкерлердің орташа жұмыс уақыты 7 сағатқа қысқарған. Бұл аптасына 32 сағатқа тең. Зерттеу жұмысына 60-тан астам британдық ұйым қатысқан. Компания жетекшілері жаңа кесте қызметкердің физикалық және психикалық денсаулығына оң әсер еткенін дәлелдеді. Қатысушылар шаршау мен жұмысқа қатысты ешқандай шағым айтпаған.

Мамандар бұл бастама адамдардың жұмыс пен жеке өмірді тең ұстауына мүмкіндік береді дейді. Мұндай заң Шотландия мен Бельгияда да күшіне енді.