"Фариге күшті қылып апарған еді, тәтті қыздікі слабый болыпты": Баласының бесік тойын дүркіретіп атап өткен Дина Төреәлі елдің қатаң сынына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Фариге күшті қылып апарған еді, тәтті қыздікі слабый болыпты": Баласының бесік тойын дүркіретіп атап өткен Дина Төреәлі елдің қатаң сынына ұшырады

"Фариге күшті қылып апарған еді, тәтті қыздікі слабый болыпты": Баласының бесік тойын дүркіретіп атап өткен Дина Төреәлі елдің қатаң сынына ұшырады

Төреәлі әулетінің кенжесі Дина Төреәлі баласына бесік той жасаймын деп, елдің қатаң сынының астында қалды.

  • 26 Ақпан
  • 627
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оны аста-төк той жасағаны үшін, сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Дина Төреәлі ұлы Ерманбидің бесік тойын жасаған. Оған бойжеткеннің туған-туыстары мен жақындары қатысқан. 

Көпшілікке әсіресе аста-төк той жасалып, тойға әкелінген дүние-мүліктің көптігі жақпай қалған. Олар сыни пікірлерін жаудырып жатыр. 

"Баймен бай құда болса ортасында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса ортасында дорба жүреді деген осы шығар", "Осындайды қайдан шығарған, артық, ысырап қой бәрі?", "Бар болған соң береді де. Әйтпесе дарақылық", "Кедей тоңып секіреді, байлар тойып секіреді деп бекер айтылмаған ғой. Қаншама адам нанға тиын таппай отқанда бұлар бей берекет шашып төгіп мақтанып көрсетеді" деп жазды олар.