Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Жармахан Тұяқбай сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Жармахан Тұяқбай сайланды

Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Жармахан Тұяқбай сайланды

ҚР парламенті мәжілісінің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы бүгін, 7-желтоқсанда Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесі таратқан мәлімдемеде айтылған.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 349
Фото - Caravan.kz

«6-желтоқсанда, Шідертіде Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың басшылығымен өткен көшпелі отырысында кеңес төрағалыққа Жармахан Тұяқбайды бір дауыстан сайлады» ,- делінген мәлімдемеде.

«Дағдарыстан шығу , толыққанды саяси диалог орнату үшін» кеңес «демократиялық оппозиция мен ел президенті арасында» тікелей келіссөздер жүргізу арқылы бірқатар мәселені талқылауды ұсынады.

Перейти к новостям спорта