Д.Назарбаева Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктер мерзімі 2005-жылы аяқталатынын еске салды. «Біз бұл жеңілдіктер үшін Елбасына ризашылығымызды білдіреміз»,- деді ол. Д.Назарбаеваның пайымдауынша, Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктер отандық БАҚ-тардың аяғынан тұруына септігін тигізді. «Алайда дәл қазір отандық БАҚ-тар шетелдік БАҚ-тармен бәсекелесуге дайын деп айта алмаймыз»,- деді ол. Д.Назарбаеваның айтуынша, «Қуатты әрі азулы БАҚ дегеніміз — ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының ажырамас бір құрамды бөлігі болмақ».
Осы орайда Д.Назарбаева журналистердің 4 конгрессі 2005-жылдың ақпан айында өтетінін хабарлады.