Израиль кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ынта білдіруде- Қазақстандағы Израиль елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ынта білдіруде- Қазақстандағы Израиль елшісі

Израиль кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ынта білдіруде- Қазақстандағы Израиль елшісі

Қазақстанның экономиканы диверсификациялауға ресми түрде бағдар түзеуі Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық үшін тың мүмкіндіктер ашуда. Бұл туралы бүгін, 7-желтоқсанда Алматыда экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру тақырыбы бойынша өткен семинарда Қазақстандағы Израиль елшісі Михаэль Лотем пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Израиль ірі көлемде мұнай және газ өндіруші елге саналмайды, дегенмен Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағдарламасына лайық өнімдерді өндіреді»,- деді елші.

Оның айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековтың таяудағы Израиль сапары барысында Израильдің кәсіпкерлік өкілдері екі жақты сауда-саттыққа ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанға инвестиция салу мәселесіне де баса назар аударды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы қосымша артықшылық ретінде М.Лотем өзара тілдік кедергінің жоқтығы мен кәсіпкерлік саласындағы жергілікті ерекшеліктерден хабардарлықты атады.
«Израиль тұрғындарының 20 проценті ТМД елдерінен қоныс аударғандықтан, тіл тұрғысында кедергіге тап болмайды. Израильдік кәсіпкерлердің басым бөлігі осында бизнес жүргізу жолдарын біледі әрі қазақстандық әріптестерімен тікелей байланыстары бар. Бұл — басқа елдерде жоқ елеулі артықшылық»,- деді елші.
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, сыртқы сауда айналымы бойынша Израиль Қазақстанның негізгі потенциалдық серіктерінің қатарына жатады. 2004-жылдың алғашқы жартысында Израильдің үлесіне Қазақстан импортының небәрі 1,7 проценті тиді. Бұл Қазақстанмен арадағы сыртқы сауда айналымын қарқынды дамыта бастаған Канада мен Португалияның үлесінен сәл ғана артық.

Перейти к новостям спорта