Кеңес төрағасы «оппозицияның билікпен диалогқа әзір екенін» атап өтті. Кеңес құрамына енетін партиялар өкілдерінің Ұлттық комиссияның жұмысына қатысу мүмкіндігі талқыланғанын айтқан ол «біздің көздегеніміз де осындай диалог»,-
деді .
Ж.Тұяқбайдың пайымдауынша, «дегенмен, бұл диалог тең құқылы жағдайда өрбуі тиіс». Оның пікірінше, келіссөздер жемісті әрі тең құқылы болуы үшін билік бірінші кезекте қазіргі парламенттің заңдылығы туралы мәселені шешуі тиіс. Кеңес төрағасының хабарлауынша, осы жөніндегі мәлімдемелер «соттарға, құқық қорғау органдары мен президент әкімшілігіне» жолданған. Алайда, «мемлекет басшысы күні бүгінге дейін бұл тұрғыдағы өз пікірін ортаға салмай отыр».
Бүгін кеңес мүшелері мемлекет басшысын қазіргі парламентті заңсыз деп тануға тағы бір шақырды.
Қоғамды демократияландыру жөніндегі Ұлттық комиссияның алғашқы отырысы ертең, 9-желтоқсанда Астанада өтеді.