Жаңадан құрылған құрылымның мақсаты мен міндеттері — көп балалы аналардың қат-қабат тауқыметтерін шешуге қолғабыс жасау болмақ. «Беби» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болып сайланған Светлана Киряеваның айтуынша, көп балалы аналардың басым көпшілігі көмек сұрап кімге барарын білмейді. Ал осындай отбасындағы балалар тіпті киім-кешек пен аяқ киім тапшылығына байланысты сабақтан қол үзіп қалады.
Петропавлда 200-ден астам көп балалы ана бар. Әзірге қоғамдық бірлестікке облыс орталығында тұратын, 4-тен көп баласы бар 30 ана мүшелікке өтті. Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта аудандарда өз бөлімшелерін құрмақшы. С.Киряеваның айтуынша, өздерінің заңды құқықтарын білмейтін әсіресе ауыл әйелдері қолдау мен көмекке зәру.