Антальяда өткен шымкенттік «Ордабасы» ФК мен қостанайлық «Тобыл» ФК ойыны кезінде көрермендер арасында жанжал туған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Оның арты төбелеске ұласып, жанкүйерлер бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, бос тұрған орындықтарды лақтырған.
«Төбелес екінші таймның ортасында басталды. Негізінен екі екі команда жеңімпазды анықтай алмады. Ал пенальти сериясында «Тобыл» ФК футболшылары жеңіске жетті. Олар кубокты ұтып алды», — делінген дереккөзде.
Айта кетсек, футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде ұйымдастырылып отыр.