Мәскеуде ЕурАзиялық топтың арам ақшаны жариялы айналымға енгізуге қарсы күрес жөніндегі тұңғыш жалпы жиналысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ЕурАзиялық топтың арам ақшаны жариялы айналымға енгізуге қарсы күрес жөніндегі тұңғыш жалпы жиналысы басталды

Мәскеуде ЕурАзиялық топтың арам ақшаны жариялы айналымға енгізуге қарсы күрес жөніндегі тұңғыш жалпы жиналысы басталды

Бүгін, 8-желтоқсанда Мәскеуде ЕурАзиялық топтың қылмыстық жолмен тапқан кірісті жариялы айналымға енгізуге және лаңкестік қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі тұңғыш жалпы жиналысы басталды,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметтің жетекшісі Виктор Зубковтың журналистерге хабарлауынша, отырыстың күн тәртібіне біршама маңызды мәселелер енгізілген. «Біз үрдіске сәйкес тұңғыш жалпы жиналыстарда талқыланатын ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді шешетін боламыз»,- деді В.Зубков.

Жиында өзара бағалау әдістемесін бекіту, ЕурАзиялық топтың жұмыс топтарының мандаты мен жаңа бақылаушылардың кандидатурасын бекіту, Әлемдік банктің хабарламасын тыңдау, ЕурАзиялық топтың 2005-жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту жоспарланған.
Отырысқа ЕурАзиялық топқа мүше алты елдің өкілдері мен бақылаушылар қатысады.
ЕурАзиялық топ Ресейдің бастамасымен құрылған. Топтың құрылтайшылық жиналысы биылғы жылдың 6-қазанында Мәскеуде өтті. Топқа Ресей, Қытай, Беларусь, Тәжікстан, Қазақстан мен Қырғызстан енген.
ЕурАзиялық топтың басты мақсаттары — аймақ ерекшеліктерін ескеру негізінде қылмыстық жолмен тапқан кірісті жариялы айналымға енгізуге және лаңкестік қаржыландыруға қарсы күрестің халықаралық стандарттарын таратуға түрткі болу, қаржылық барлау ұйымдарының құзыреті аясында түрлі шараларды жоспарлау және өткізу, қылмыстық жолмен тапқан кірісті жариялы айналымға енгізуге қарсы күрес шараларының тиімділігін бағалау, осы саладағы ағымдарға талдау жасау болып табылады.
Құрылтайшылар жиынында ЕурАзиялық топтың төрағасы болып В.Зубков сайланды.

Перейти к новостям спорта