Алматыдағы Айнабұлақ ықшамауданының 250 тұрғыны өздері тұратын үйді жарылғыш заттан арылтуды бір жарым сағат бойы текке күтті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Айнабұлақ ықшамауданының 250 тұрғыны өздері тұратын үйді жарылғыш заттан арылтуды бір жарым сағат бойы текке күтті

Алматыдағы Айнабұлақ ықшамауданының 250 тұрғыны өздері тұратын үйді жарылғыш заттан арылтуды бір жарым сағат бойы текке күтті

Алматыдағы Айнабұлақ ықшамауданының 250 тұрғыны өздері тұратын үйді жарылғыш заттан арылтуды бір жарым сағат бойы текке күтті,- деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспсөз қызметі.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, 6-желтоқсан күні 22 сағат 10 минутта «02» кезекшілеріне осы ықшамауданда тұратын 50 жастағы қариядан өзі тұратын үйдегі бір пәтердің есігіне жарылғыш зат бекітіп кетіпті деген суыт хабары келіп түсті. Оқыс оқиға орнына саперлер тобы, Алматы қалалық ІІББ-ның шұғыл -тергеу тобы, ҰҚК-нің қалалық департаменті мен қалалық төтенше жағдайлар жөннідегі басқармасының қызметкерлері келіп жетті. Көп пәтерлі үйде тұратын 250 тұрғын дереу эвакуацияланды.

Саперлер есікке бекітілген затты алып, полигонға жеткізіп оның көзін жойды. Саперлердің айтуынша, жарылғыш зат деп жүргені жай қолдан жасалған жарылғыш заттың көшірмесі болып шықты.

Перейти к новостям спорта