Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің Софиядағы отырысы ұйымға шын мәнінде өзгерістер қажет екенін көрсетті - РФ СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің Софиядағы отырысы ұйымға шын мәнінде өзгерістер қажет екенін көрсетті - РФ СІМ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің Софиядағы отырысы ұйымға шын мәнінде өзгерістер қажет екенін көрсетті - РФ СІМ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің Софиядағы отырысы ұйымға шын мәнісінде де өзгерістер қажет екенін, олар ұйымның іс-қызметін барлық қатысушылардың мүддесін ескеруге және құрметтеуге бағытталған шынайы жалпыламалық сипатқа көшіруге мүмкіндік беретінін көрсетіп берді. Бұл туралы 7-желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің бас қосын қорытындылаған РФ СІМ Сергей Лавров мәлімдеді.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

Өзінің Болгариялық әріптесі Соломон Пассимен кездесуден кейін РФ СІМ ұйымға Болгарияның төрағалық жасауы нәтижесінде отырыста бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюға мүмкіндік жасағанын атап өтті. Олардың арасында Дүниежүзілік екінші қанды соғыстың аяқталуына 60 жыл толуына арналған Декларация, лаңкестікпен күрес туралы мәлімдеме, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше елдердің өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту, қауіп-қатермен, соның ішінде, лаңкестіктің түрлі сипаттарымен күрес саласындағы ынтымақтастығын қолдау мақсатындағы ықпалдастықтың тәжірибелік салаларына қатысты 21 шешім қабылдап, рекордты көрсеткішке қол жеткізді.

«Алайда, өкінішке орай, осындай пайдалы жұмыстардың сыртында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының іс-қызметін оған мүше елдердің жекелеген топтарының пайдасына орай саясиландырып жіберуге жасалған талпыныстар да байқалды»,- деді РФ СІМ.
«Осындай шамалы саясиланудың кесірінен айрықша маңызды болып табылатын ұйымды реформалау мәселелері бойынша өзара мәмілеге келуге мүмкіндік болмай отыр»,- деді РФ СІМ. С.Лавровтың айтуынша, «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бюджетін реформалау туралы да уағдаластыққа қол жеткен жоқ». «Біз жарна мөлшеріне төлем қабілеттілігі жөніндегі принцип түпқазық болуын қалаймыз»,- деді ол.
«ТМД аясындағы әріптестері мен біздің көзқарасымызды қолдайтын басқа да елдермен бірге Ресей осы тараптан ұсынылып отырған өзгерістер туралы белсенді түсініктеме жұмыстарын жүргізетін болады. Сол үшін арнаулы жоғарғы деңгейдегі топ құрылды»,- деді РФ СІМ.
«Демек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының келешегінен үміт жоқ деуге болмайды. Оның аясында түбегейлі өзгертуді де, сонымен бірге, мейлінше нығайта түсуді де талап ететін тұстар көп»,- деді С.Лавров.

Перейти к новостям спорта