"Асар" партиясының төрайымы қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның мәртебесі туралы мәселені қарауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының төрайымы қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның мәртебесі туралы мәселені қарауды ұсынады

"Асар" партиясының төрайымы қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның мәртебесі туралы мәселені қарауды ұсынады

Демократия және азаматтық қоғам жөніндегі ұлттық комиссия кәсіби комиссия болуы тиіс. Бүгін, 8-желтоқсанда Астанада өткен қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы мәжілісінде "Асар" партиясының төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Біздің ұсыныстарымыздың тағдыры комиссияның мәртебесіне тікелей байланысты. Сол себепті ұлттық комиссия — кәсіби комиссия болуы тиіс»,- деді Д.Назарбаева. «Жұмыс барысында біз ұсыныстарымызды атқарушы және өкілетті билікпен келісуге тиіспіз. Осыған байланысты комиссия олармен арадағы байланысты қалай құратындығын ойластырып алуы қажет».

«Асар» партиясы төрайымының пайымдауынша, «комиссия барлық жұмыс бағыттары бойынша қоғамдық пікірге міндетті түрде белсенді мониторинг жүргізуі тиіс», сондай-ақ, «жекелеген мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибе мен отандық заңнамаларды талдау ісімен айналысуы қажет». Сол себепті, Д.Назарбаеваның пікірінше, комиссияның іс-қызмет принциптерін талқылауда «оған қатысушылар аппараты туралы принциптік сауал алдан шығады».
«Біз тек саяси іс-қызметке ғана емес, сонымен бірге адам құқықтарына қатысты заңдарды да сараптауға тиіспіз»,- дейді ол. «Бүгінде мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынастарды ізгіліктендіру туралы ұдайы айтып отыратынына қарамастан, мемлекет аясында полиция мен күш құрылымдарының ролі күшейе түскендей сезім туындайды»,- деді Д.Назарбаева.
Сондай-ақ, «Асар» партиясының төрайымы Ұлттық комиссия тарапынан қабылданған барлық шешімдер туралы мемлекеттік БАҚ-тарда міндетті түрде жариялап отыру туралы ұсыныс білдірді.

Перейти к новостям спорта