«Комиссия жұмысына дайындық барысында біз мынадай ықпалдастық түрін қарастырдық: «Ақ жол» демократиялық партиясы, Коммунистік партия мен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партияларының бағдарламалық және ресми құжаттарына талдау жасалып, шешім шығару барысында комиссия тарапынан ескерілетін болады»,- деді ол.
Б.Имашевтің айтуынша, сонымен бірге, Ұлттық комиссия қабылдаған құжаттар жазбаша түрде аталмыш партияларға жіберіліп отырады. «Бұл талқыланатын мәселе бойынша олардың пікір білдіруі үшін қажет».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына оның мүшелері- «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі Әлихан Бәйменов, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының өкілі Асылбек Қожахметов пен Коммунистік партияның өкілі Серікболсын Әбділдин қатысудан бас тартты.