Алматыда лаңкестердің мектептер мен қоғамдық орындарды басып алуына жол бермеуге бағытталған оқу-жаттығулар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда лаңкестердің мектептер мен қоғамдық орындарды басып алуына жол бермеуге бағытталған оқу-жаттығулар өтеді

Алматыда лаңкестердің мектептер мен қоғамдық орындарды басып алуына жол бермеуге бағытталған оқу-жаттығулар өтеді

11-желтоқсан, сенбіде Алматыда Бесландағы қайғылы тәжірибені ескеру негізінде лаңкестердің мектептер мен қоғамдық орындарды басып алуына жол бермеуге бағытталған оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 586
Фото - Caravan.kz

№125 мектептің аумағында өтетін жаттығуларға ІІББ, ҰҚКД, Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бөлімшелері, дәрігерлер мен апат медицинасы орталығының психологтары қатысады.

Жаттығулардың сценарийі бойынша, мектепті бір топ лаңкестер басып алады. Олардың мақсаты — кепілдікке алынған адамдарды, соның ішінде оқушылар мен мұғалімдерді ұстап қалу. Ал құқық қорғау органдары мен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бөлімшелері басып алынған нысанды қоршауға алуды қамтамасыз ету, кепілдікке алынған адамдардың өмірін сақтап қалу, лаңкестік топты жою, басып алынған нысанда болған адамдарды сүзгіден өткізу мақсаттарын көздейді. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі қызметтерінің міндеті — құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің тамақтану және демалу пункттерін жасақтау, сумен қамтамасыз ету, зардап шеккендерге психологиялық және дәрігерлік көмек көрсетуге саяды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлағанындай, жаттығулардың басты мақсаты — лаңкестік топтардың мектептер мен қоғамдық орындарды басып алуына жол бермеуге бағытталған құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерін дәйектеу, Ресейдің арнаулы қызметтерінің 2004-жылдың қыркүйек айында Бесланда жіберген қателіктерін түзету болып табылады.

Перейти к новостям спорта