— Менің салам – халықаралық қылмыстық құқық және жалпы қылмыстық құқық. Елдер арасындағы өзара байланыс артып келе жатқан қазіргі жаһандық қоғамда халықаралық қылмыстық құқық әділеттілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде басты орында, — дейді Еркебұлан Досмағамбетов.
Дарынды қазақстандық Президенттік стипендияның иесі. Оның студентттік шағы білім алумен қатар, оқуға, жеке және кәсіби дамуға жол ашқан кезең болды. Мұны оның студенттерге арналған олимпиадалар мен ғылыми іс-шараларға белсенді қатысуы мен жетістіктері растайды.
— Менің ғылыми зерттеулерге қатысуымда маңызды дүние қоғамның дамуына өз үлесімді қосу. Зерттеуім пайдалы әрі мағыналы болуы мүмкін деген сенім маған шабыт береді. Ғылыми қоғамдастықтың бір бөлігі бола отырып, мен болашаққа деген жауапкершілігімді түсінемін
. Ғылым мен үшін жай ғана қызықты іс емес, бұл менің әлемді түсініп, оның өзгеруіне үлес қосуыма сеп. Ғылым арқылы өзімнің күш-жігерімнен шабыттың сарқылмас көзін табамын, — дейді Еркебұлан.
Замандастарына арнаған сөзінде Еркебұлан Досмағамбетов әркімнің таланты мен әлеуеті бар бірегей тұлға екенін атап өтті.
— Жайлы аймақтан шығып, жаңа көкжиектер іздеп, армандаудан қорықпаңыз. Сіздің идеяларыңыз, энергияңыз еліміздің болашағына үлкен үлес қоса алады. Көкжиегіңізді кеңейту, сыни ойлауды дамыту және қазіргі әлемде қажетті дағдыларды нығайту үшін білім беру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Адам еңбекпен шыңдалады, ал еңбектің наны тәтті, — дейді Еркебұлан.