Жарылыс себептерін тексеру үшін Шахтинскіге Ресейлік тәуелсіз сарапшылар келді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарылыс себептерін тексеру үшін Шахтинскіге Ресейлік тәуелсіз сарапшылар келді

Жарылыс себептерін тексеру үшін Шахтинскіге Ресейлік тәуелсіз сарапшылар келді

Қарағанды облысындағы Шахтинск көмір кенішіндегі жарылыс себептерін тексеруге қол ұшын беру үшін Ресейлік тәуелсіз сарапшылар келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 377
Фото - Caravan.kz

8-желтоқсан, сәрсенбіде Кемероводан екі сарапшы, атап айтсақ, техника ғылымдарының докторы Вячеслав Мурашов пен тау-кен ісі жөніндегі Шығыс ҒЗИ-ның бас маманы Александр Кравченко келді. В.Мурашов осы тектес апаттарды зерттеуші ең тәжірибелі маманға саналады. Метан газы шығу себептерін зерттеумен 40 жылдан бері шұғылданып келе жатқан ол соңғы жылдары Кемеровода осындай 8 комиссияның жұмысына атсалысқан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда 3 сағат 15 минутта Қарағанды облысында «Испат-Кармет» АҚ-ына қарасты «Шахтинская» көмір кенішінде жарылыс шықты. Метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды.
Ал қазір «Шахтинская» көмір кенішінде жарылыстың салдарын арылту жұмыстары жалғасуда. Өнім өндіру жұмыстары әзірге басталған жоқ.

Перейти к новостям спорта