Астанада Орхусс конвенциясы талаптарын орындау жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Орхусс конвенциясы талаптарын орындау жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Астанада Орхусс конвенциясы талаптарын орындау жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Ертең, 10-желтоқсанда Астанада ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығының қолдауымен Қазақстанда Орхусс конвенциясының жүзеге асырылуы туралы ұлттық баяндаманың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Астанадағы тыңдауға қатысушыларға сонымен қатар ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығы бірлесе дайындаған қоғам өкілдерінің экологиялық ақпаратқа деген сұранысы бойынша жұмыс жүргізу туралы жадынама таныстырылады.

Осындй қоғамдық тыңдаулар Семей, Степногорск, Қарағанды, Өскемен, Алматы және Ақтау қалаларында өтті.
«Ұлттық баяндаманың жобасын талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру арқылы жұртшылықты Орхусс конвенциясын жүзеге асыру бағытында Қазақстанда қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар ету, сондай-ақ, әзірленген құжаттың нақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсаты көзделеді»,- дейді министрліктегілер.
Ұлттық баяндама Орхусс конвенциясына қол қойған тараптардың 2005-жылғы мамырда Алматыда өтетін екінші конференциясына орай әзірленуде.

Перейти к новостям спорта