Венгриялық елші парламент палатасының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Әбдірахмановпен кездесті. «Елші екі республика арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуының 10 жылдық мерейтойына орай Венгрия президентінің Қазақстан Елбасы Нұрұслтан Назарбаевқа жолдаған сәлем-хатын жеткізу үшін әдейі келді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Екі ел халқы үшін мерейтойдың маңызын атап өткен елші Венгрия тарапынан Қазақстанның Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа интеграциялану процессіне қолдау көрсетілетінін атап өтті.