Шығыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне жаңа әкім таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне жаңа әкім таныстырылады

Шығыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне жаңа әкім таныстырылады

Бүгін, 9-желтоқсанда түстен кейін Шығыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне жаңа әкім таныстырылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов тағайындалды.

В.Храпунов 56 жаста. Ол Алматы энергетика институты мен Алматыдағы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Алматыдағы энергетикалық кәсіпорындарда жұмыс істеді. 90-шы жылдардың басында Алматы әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары, қалалық атқару комитетінің төрағасы болды. 1995-1997-жылдарда ҚР энергетика және көмір өнеркәсібі министрі болды. 1997-жылдың наурыз-маусым айларында энергетика және минералды ресурстар министрлігін басқарды. 1997-жылдың маусым айынан күні бүгінге дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

Перейти к новостям спорта