Жаңа оқу орны өз жұмысын жер асты ұңғылары арқылы шаймалау тәсілімен уран өндіру және өңдеу технологиялары бойынша екі апталық дәрістер өткізуден бастады. Алдағы уақытта ядролық отын өндіру және атом энергетикасын дамыту тақырыптарын қамти отырып, ұсынатын білім беру қызметтерінің аясын кеңейтуді көздеп отыр.
Университеттің басты мақсаты — инженерлік-техникалық қызметкерлердің мамандығын жетілдіру және оларды қайта дайындау бағытында дәрістер ұйымдастыру, Қазақатомөнеркәсібі үшін сұраныс бар мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары мен коллеждердің жоғарғы курсында оқитын студенттерді кәсіптік дайындау, уран өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметкерлерін отандық және шетелдік кәсіпорындарда мамандық жетілдіруіне қолдау көрсету болып табылады.
Университет оқытушыларының құрамында Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары-танымал ғалымдар мен «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК-ның жетекші мамандары бар.
«Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК уран және басқа да қос мақсатты материалдарды экспорттау және импорттау жөніндегі ұлттық оператор болып табылады. Компанияның акциялары толық мемлекеттің иелігінде.