"Тоңқайып тұра салшы, тез болады": Шолпан Тоқтархан 19 жасар кезінде әжетханада зорлағысы келген жігіттердің кім екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тоңқайып тұра салшы, тез болады": Шолпан Тоқтархан 19 жасар кезінде әжетханада зорлағысы келген жігіттердің кім екенін айтты

"Тоңқайып тұра салшы, тез болады": Шолпан Тоқтархан 19 жасар кезінде әжетханада зорлағысы келген жігіттердің кім екенін айтты

Шолпан Тоқтархан ақша үшін қалай қыздар төбелесіне қатысқанын , 19 жасында жігіттердің әжетханада зорлағысы келгенін айтты. 

  • 5 Наурыз
  • 3286
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz меди порталы хабарлайды. 

Менің әкем ерте қайтыс болып кетті. Әкемді өте қатты жақсы көрдім. Осы қызым бауырларын асырайды деп айта беретін. Соны менің міндетім деп ойладым. Ауылымызда ештеңе жоқ қураған ауыл еді. Мамам қарыздан шықпай жүретін. Мамамды қарыздан шығып, бауырларымды асырауым кере дедім. Ақша үшін орыс кемпірлердің дачаларын тазаладым. 3 рубль үшін жұмыс болған. 

Рингке шыққанда ақша үшін төбелесем деп ойамадым. Олай күтпедім. 

Сонымен қатар ол өзінің қалай жігіттердің зорлағысы келгенін айтты. 

Өскемен деген қалада автовокзалда су ішетін жерде әжетхана бар. Таңғы сағат 6-да туалетке кіріп, шығайын десем, екі жігіт шығармайды. Шықпай-ақ қой деді. Тоңқайып тұра сал, тез жібере саламыз дегендей. Олар біреуі біздің Тарбағатайдікі екен, екіншісін Баха деп айтты, Зайсандікі.  Ей, қоя салыңдаршы, неше күн болды тамақ ішпей, аштан-аш, өзім қаңғырып жүрмін. Қаңғып жүрген қызды нетпекшісіңдер ма? Жіберіңдерші жігіттер, деп адам сияқты сұрадым. Қойшы-ей, басты ауыртпашы, жалынбашы, давай тұра салшы деді. Мәәә, мен соншалықты жыным ұстады. Итеріп шығайын десем, мені қатты ұстап алған жібермейді. Иығынан ұстап тарттым да, құлағынан бір-ақ шайнадым. Екеуміз сол жерде жығылдық. Содан, екіншісіне алшы мына сучканы деп айтты. Оның мұрнын ұстап алғанмын ғой. Оның мұрнының шетін жыртып жібердім. Жер қара топырақ шаң, айқай-шу болып жатыр. Орыстарға "помогите" деп жатырмын. Орыстардың бір жақсысы сондай кезде шум көтеріп жібереді ғой. Бізде қазақтар үндемейді ғой. Нең бар, әркім өзі, деп. 

Сосын милиция жігіттердің біреу Алматыда Сайрам вокзалында ставка қойып қыздарды төбелестіреді. Жақсы ақша көтересің барасың ба? деді. Ешікм жұмыс ұсынып көреген мен, бірден барамын дедім. Сол күні Алматыға келдім. Бір апта көріп танысып жүрдім. Алғашында таяқ жеп қалдым, бір украин қызынан. Сосын бұл қызда дух бар, техника жоқ екен деп АХБК-ның жертөлесіндегі жаттығу залына апарды. Түменов деген жаттықтырушы болды. Сонда дайындалдым. айына бір мәрте төбелеске қатысып тұрдым. Кейде болмай қалатын. Бір мәрте 3 ай жабық болды. Өйткені бойдан кейін бір әйел өліп қалыпты. Сондай кездерде ақшасыз жүрмес үшін басқа жұмыстар істедік, деді Шолпан Тоқтархан. 

Айта кетейік, бұған дейін жазасын 12 жыл өтеп шыққан Шолпан Тоқтархан әйелдер түрмесі туралы айтқанын жазған болатынбыз.