Астанада РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндерінің ашылу салтанаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндерінің ашылу салтанаты өтті

Астанада РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндерінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 13-желтоқсанда Астанада РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы күндерінің ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Елімізде Федерация Кеңесінің күндері секілді шаралар өткізу — екі елдің көп ұлтты халықтары арасындағы байланыстың нығая түскеніне тағы бір дәлел болмақ»,- деді шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев.

Ресей — Қазақстанның басты сауда әріптесі, деді Н.Әбіқаев. Оның айтуынша, биыл Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрады, бұл 2003-жылғыдан 1,5 есе артық. Қазақстанның жалпы тауар айналымының үштен бір бөлігі Ресейдің үлесінде, деді сенат спикері. Сауда-саттық саласында әсіресе Ресейдің Омбы, Новосибирск және Алтай аймағы секілді шекаралық аймақтарымен өзара ынтымақтастық айрықша белсенді дамып келеді, деді Н.Әбіқаев.
Сенат төрағасы екі елдің парламенттері экономика, әскери-техникалық сала мен лаңкестік және есірткі айналымымен күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда айрықша маңызға ие екі және көп жақты құжаттарды бекітуге бағытталған жұмыстарды алдағы жылы да жалғастырады дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта