Көпшілік оларды қайта қосылған деп болжады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы Жарқынай Ханайымның өзі де желідегі парақшасында жариялады.
Ол онда: "Сіздерге ең ұнаған сәт" деген қысқа ғана жазба қалдырған. Десе де, көпшілік оларды қайта табысты деп топшылаған. Олар: "Қызының анасын құрметтейтінінің белгісі", "Халқым осы Оразада Айдар мен Жарқынай қайта қосылып кетсін деп тілейік", "Баянның киносы ажыратты, енді мюзиклы қоссын" деп жазды.
Сонымен бірге Жарқынай Ханайымның өзі де оқырмандардың: "Құлағыңызға не деді?" деген сауалына "Тек қана сені сүйемін деді" деген жауап қалдырған.
Айта кетейік, жұлдызды жұп бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Қазір олардың ортақ қыздары бар.