"Он бір ай «боқ» жеп - бір ай ашыққаннан пайда жоқ": Рамазан айында ораза ұстамауға болатыны айтқан кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Он бір ай «боқ» жеп - бір ай ашыққаннан пайда жоқ": Рамазан айында ораза ұстамауға болатыны айтқан кім?

"Он бір ай «боқ» жеп - бір ай ашыққаннан пайда жоқ": Рамазан айында ораза ұстамауға болатыны айтқан кім?

Әлеуметтік желіде "таза" жүрген адамдарға ораза ұстамауға болады деп, пәтуә шығарғандар болды. 

  • 11 Наурыз
  • 5836
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Естеріңде болсын!

Күнде «таза» жүрген адамға—жылына бір келетін оразаны ұстап қажет емес!

11 ай «боқ» жеп— бір ай ашыққаннан пайда жоқ!

Бай байға, бар барға, кедей кедейге ас береді.

Ауызашарда түскен фотоларды қарасаң—11 ай «труси кимегендер» бастарына орамал байлап алып, құдды бір қыздығы алынбаған қызша қымсынады.

Еркекгі ол: 11 ай адасып табылған адамша —үй ішін, ағайынын жаңа көргендей әуектейді.

Әй, осының бәрін күнде істеуге болмай ма, а? 

Науқаншылықтан арылған дұрыс, Ағаеен", деп жазды. 

"Салмақ қуу үшін ұстаймын ба деп отырмын. Он бес келідей тастау керек болып тұр. Жай уақытта ұстайын десем той-думан көбейіп кетіп, ыңғайы келмейді", "Әрине, сенімді қоя тұрып, ең бірінші денсаулыққа өте зиян ғой, 12 сағат уақытымен тамақ ішпеу, түнде тоя тамақ жеу, масқара ғой асқазанды бүлдірмей ме?", "11 ай иван боп,1 ай имам. Кеше коллектив 8 наурызда отырғанда, Жаңа жыл корпоративте ішіп-қуып жүргендер,тымпиып отыр, и неге десем, тазармақшы", деп қолдаған халық та табылды. 

Айта кетейік,

бүгін қасиетті Рамазан айы басталды. Рамазан айында ораза ұстау — парыз. Ол талданбайды және талқыланбайды! 

Бүгін қаситетті Рамазан айы басталды Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ 

Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/