2005-жылы Ақтау теңіз айлағы бағытында астық тасымалдау жұмыстары пәрменденеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Ақтау теңіз айлағы бағытында астық тасымалдау жұмыстары пәрменденеді

2005-жылы Ақтау теңіз айлағы бағытында астық тасымалдау жұмыстары пәрменденеді

2005-жылы Алтынсарин-Хромтау темір жол желісінің пайдалануға берілуіне байланысты Ақтау теңіз айлағы бағытында, одан әрі Кавказ , Иран және басқа да үшінші елдерге астық тасымалдау жұмыстары пәрменденеді. Осындай хаттамаға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, ауылшаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облыстық аумақтық басқармасы, ірі астық компанияларының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен өткен кеңес барысында қол қойылды, деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ақтаудан.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Кеңеске қатысушылар Ақтау теңіз айлағын пайдалану арқылы тасымалданатын астықтың 2005-жылғы болжамдық көлемі биылғы жылдың аяғына дейін ортаға салынады деп келісті.

Ал «Ақ Бидай» астық терминалының директоры Рафаэль Галямовтың айтуынша, қазірдің өзінде 2005-жылдың 1-мамырына дейін Әзербайжанға 100 мың тонна бидай беру туралы келісім-шартқа қол қойылды. Иранмен осындай шарт жасасу мәселесі дәйектелуде. «Қазақстанда көлік шығындарын қысқартуға шаралар қолданылып жатқанынан тұтынушылар хабардар болса, онда олар бірден қызығушылық танытып, тек біздің астықты сатып алумен шектелмей, еліміздің ауылшаруашылығы саласына инвестиция да салады»,- дейді Р.Галямов.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның корпоративтік даму департаментінің директорының орынбасары Болатбек Дүйсемәлиевтің айтуынша, Алтынсарин-Хромтау темір жол желісін пайдалануға беру нәтижесінде жүк тасымалдайтын маршрут қысқарып, көлік шығынын азайтуға жағдай жасалды. Атап айтсақ, бүгінде солтүстік облыстардан бір тонна астықты тасымалдау бағасы 35-36 доллардан 12-14 долларға дейін кеміді.

Перейти к новостям спорта