С.Мыңбаев 1962-жылдың 19-қарашасында Талдықорған облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
С.Мыңбаев 1992-жылдан бастап Қазкоммерцбанктің басқармалары төрағасының бірінші орынбасары болды. 1995-жылдың қараша айынан бастап ҚР қаржы министрінің орынбасары орынтағын иемденді. 1999-жылы ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды, 2001-жылдың мамыр айына дейін ҚР ауылшаруашылығы министрлігін басқарды. 2001-жылдан бері С.Мыңбаев «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ-ның президенті болды.
2003-жылдың маусым айында ҚР үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды.