Дубайда өтетін Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай форумында Қытайға қуат көздерін сату мәселесі сараланады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда өтетін Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай форумында Қытайға қуат көздерін сату мәселесі сараланады

Дубайда өтетін Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай форумында Қытайға қуат көздерін сату мәселесі сараланады

Бүгін, 15-желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін мұнай және мұнай өнімдерінің саудасы жөніндегі Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай форумында (Sino-Russo-Kazakh Oil Trading Forum) қуат көздерін сату саласы бойынша Қытаймен арадағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланады.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Форумды ұйымдастыру комитетінен Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігіне хабарлағанындай, шараны Лондон мұнай биржасының конференциялар мен мамандар дайындау бөлімі Қазақстан,Қытай және ТМД елдерінің жетекші мұнай компанияларының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Форумды ұйымдастырушылардың пікірінше, Қытай рыногындаы жұмыстар аясын айқындап алу — Ресей үшін де, Қазақстан үшін де бірдей маңызды. «Бүгінде мамандар Қытай рыногын тұтыну көлемі барған сайын арта түскен шектеусіз рынок ретінде сипаттағанымен, шетелдерге өнім экспорттаушылар үшін бұл рынокта күні бүгінге дейін жете зерттелмеген бірқатар факторлар қалып отыр. Атап айтсақ, нақты тұтыну жағрафиясы, сапалық талаптар, контрагенттерді дұрыс таңдау, келісім-шарты талаптарын орындамай қою қаупін арылту, транпорттық және заңгерлік мәселелер»,- дейді ұйымдастырушылар.
Агенттікке сұхбат берушінің айтуынша, бұл мәселелердің барлығы да осы жолғы форумға дайындық жұмыстары барысында жан-жақты ескерілген. «Конференцияның бағдарламасы Қытайдың ірі мұнай компаниялары мен импорттаушыларының, сондай-ақ, Қытаймен қазірдің өзінде белсенді алыс-беріске көшкен ТМД елдері компанияларының қатысуымен әзірленген»,- дейді ұйымдастыру комитетіндегілер.
Форумда Халықаралық энергетикалық агенттік директорының орынбасары Кристоф ван Агт, ҚР энергетика министрінің орынбасары Ольга Леженкина, энергетикалық зерттеулер жөніндегі халықаралық және ұлттық институттардың өкілдері, үш елдің мұнай және энергетикалық компанияларының жетекшілері баяндама жасайды.
Форум 17-желтоқсанда аяқталады.

Перейти к новостям спорта