Минск қаласында Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск  қаласында Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың мәжілісі өтеді

Минск қаласында Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың мәжілісі өтеді

Бүгін, 15-желтоқсанда Минск қаласында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның Біртұтас Экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың мәжілісі өтеді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

РФ өнеркәсіп және энергетика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дмитрий Сухопаровтың айтуынша, мәжілісте бірінші кезекте қол қою жоспарланып отырған 29 келісімнің жобасын дайындау жұмыстары қорытындыланады.

Д.Сухопаровтың айтуынша, құжаттар төрт мемлекет президенттерінің саммитінде мақұлданғаннан кейін сарапшылар құжат мәтіндерін әрбір жеке баптар бойынша келісу жұмысына кіріседі. Алайда, оның айтуынша, «төрттік» мемлекет басшыларының бас қосуы қашан өтетіні әзірге белгісіз, өйткені, кездесу мерзіміне Украинадағы президент сайлауына қатысты ахуал да әсер етіп отыр. «Меніңше, кездесу мерзімі айтарлықтай кейінге шегеріле қоймайды»,- деді Д.Сухопаров.
Бірінші кезекте қабылдануы тиіс 29 келісімнің жобасымен бірге жоғары дәрежелі топ қазір Біртұтас Экономикалық кеңістігіне мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы жеке тұлғалардың жеңілдетілген тәртіппен қатынау мүмкіндіктері туралы келісімнің жобасын әзірлеуде.

Перейти к новостям спорта