"Бұрынғы жігітім қоқаң-лоқы көрсетуде": Анна Данченко көпшіліктен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұрынғы жігітім қоқаң-лоқы көрсетуде": Анна Данченко көпшіліктен көмек сұрады

"Бұрынғы жігітім қоқаң-лоқы көрсетуде": Анна Данченко көпшіліктен көмек сұрады

Танымал журналист, тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желіде оқырмандарынан көмек сұрады.

  • 14 Наурыз
  • 1120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналистің айтуы бойынша, бұрынғы жігіті қарызға ақша алып, бірнеше жыл бойы қайтарудан бас тартқан. Кейінгі кездері тіпті қоқаң-лоқы көрсетіп, қорқытқан көрінеді. 

"Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана анамның еміне қажет ол ақша деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқытып жатыр. Жігіттің өзі қарыз бола тұра қыз балаға қоқаң-лоқы жасап, қорқытуы дұрыс па? Нағыз ер адам осылай жасай ма? Ия, мен табиғатынан нәзік, әйел адаммын. Бірақ, мен өзімді бұлай басындырып қоймаймын. Сотта кездесеміз дедім, күлді. Енді маған мықты юрист, адвокат керек. Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Мен соңына дейін барамын. Мен ол ақшаны өзімнің адал еңбегіммен тапқанмын. Қорытынды: ешкімге ешқашан қарызға ақша бермеңіздер", — деп жазды ол. 

Журналист

Instagram Stories-те бұрынғы жігітінің өзіне жазған хабарламасын да жариялады. 

"Адамдарға көмектессең осындай жағдайға тап боласың. Егер маған бір жағдай бола қалса біле жүріңіздер. Мен оның парақшасын белгілеп, төмендемеймін. Жақындарым кім екенін біледі", — деп жазды Анна Данченко.