Батыс Қазақстан облысында жаңа тағайындаулар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында жаңа тағайындаулар жасалды

Батыс Қазақстан облысында жаңа тағайындаулар жасалды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов облыстың кейбір аудандық әкімшіліктері мен Орал қаласында жаңа тағайындаулар жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, бұған дейін облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бастығы болған Ғайса Қапақов Зеленовский ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қазтал ауданының әкімі болып облыстық білім беру басқармасының бастығының бұрынғы орынбасары Мәлік Құлшар тағайындалды.
Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары лауазымына Аманжол Зинулин тағайындалды. Ол бұған дейін «Еділ Жайық» компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы, «Бекарыс» ЖШС-нің директоры болған.
Облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бастығы орынтағына бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының төрағасы болған Александр Маючий жайғасты. Ол сондай-ақ бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.
Бұған қоса Батыс Қазақстан облысы әкімінің қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Әбдірахманов қызметінен босатылды.

Перейти к новостям спорта