Каспийдің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық жұмыстар аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдің Қазақстанға қарасты  бөлігіндегі Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық жұмыстар аяқталды

Каспийдің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық жұмыстар аяқталды

Каспийдің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі Түпқараған учаскесінде инженерлік-геологиялық жұмыстар аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд." компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ Оверсиз» тең үлеспен құрған «Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының тапсырысымен барлық жұмыстарды қазақстандық «ГеоТеңіз» компаниясы атқарып шықты.

Аумағы 1372 шаршы шақырымды құрайтын Түпқараған учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің орталық тұсында орналасқан. Бұл учаскедегі теңіздің тереңдігі 7-10 метрді құрайды.
Жұмыстардың басты мақсаты — бұрынырақ таңдалған бұрғылау нүктесіне «Астра» деп аталатын қалқымалы бұрғылау қондырғысын орналастырған кезде, пайдаланған және оны нүктеден алған кезде қажетті қауіпсіздік шарасын қолдану болып табылады.
Бор-юра және триас дәуірі шөгінділерінің мұнай және газ қорын бағалау үшін тереңдігі 2500 метрлік тұңғыш барлау ұңғысы Түпқарағанда 2005-жылғы көктемде бұрғыланады деп күтілуде.
Инженерлік-геологиялық зерттеулер бағдарламасына сәйкес бүйірлік гидролокация, гидромагниттік кескіндеме, сейсмоакустикалық кескіндеме және жалпы тереңдік нүктесін айқындаудың жоғары жиілікке негізделген әдісі сынды бірқатар геофизикалық зерттеулер жүргізіліп, бұрғылау қондырғысының тіреуіші ретінде 25-50 метрлік тереңдігі бар үш ұңғы, статистикалық зонд мақсатымен 25 метрлік бір ұңғы бұрғыланды. Сондай-ақ, 3х3 шақырымдық аумақта теңіз түбінің топырағын зерттеу үшін сынамалар алынды.
Қазір жиналған мәліметтер талданып, өңделіп, бұрғылау қондырғысының қауіпсіздік жағдайына тәуелсіз сараптама жасалуда.

Перейти к новостям спорта