Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Альянс банк» АҚ акцияларының мемлекеттік қоржынын сату жөніндегі бастаманы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті көтерген. «Альянс банк» АҚ-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік акциялар қоржыны банктің жарияланған жарғылық капиталының 1,85 процентін, немесе, 12955 акцияны құрайды. Бік акцияның номиналы 10 мың теңгеден.
Тоғыз күнге созылған сауда-саттық барысында сатушы бір акцияның бағасын 13 мың теңгеден 9,6 мың теңгеге дейін арзандатты.
Қор биржасында жүзеге асырылған барлық сауда-саттық бойынша бір акцияның орташа құны 8 651,08 теңгені құрады.
«Альянс банк» АҚ акцияларын сатып алушыны Қазақстан қор биржасы атамай отыр.