Ақтау теңіз айлағында кеден бекеті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында кеден бекеті ашылды

Ақтау теңіз айлағында кеден бекеті ашылды

Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағында "Энергетический" деп аталатын кеден бекеті ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 620
Фото - Caravan.kz

Бұл бекетте Қазақстанның стратегиялық қорына жататын мұнай және мұнай өнімдерін, электр қуаты мен табиғи көгілдір отынды экспорттауға қатысты құжаттар рәсімделіп, кедендік тексеру жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда 2004-жылдың 11 айында бұған дейін Ақтаудағы кедендік бақылау департаментінде болған «Энергетический» кеден бекетінің қызметкерлері 45 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасын әшкереледі. Осындай оқиғаларға байланысты 1 млн. теңгенің айыппұлы салынды. 11 айдың қорытындысы бойынша өндіріп алынған республикалық бюджетке төленуі тиіс кедендік төлемдердің көлемі 300 млн. теңгені құрады, дейді департаменттегілер.